08:49, 27 Шілде 2012 | GMT +5
12 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - 12 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Бейсенбі күні, 26 шілдеде Оралда 12 жасар бала Жайық өзеніне суға түсу кезінде ажал құшты. ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) оның мәйіті судан шығарылды.
Сол күні ШҚО Зенковка ауылына жақын маңындағы бөгетте 2 күн бұрын батып кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) оның мүрдесі судан шығарылды.