14 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуы Маңғыстау облысында 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында құны 156,5 млрд. теңге болатын 14 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы маслихат депутаттарымен есептік кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді.
None
None

«Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық компаниялар, даму институттарының қаржыландыруы және бюджеттік қаржыландыру арқылы 14 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Барлық жобалар бойынша инвестиция көлемі 156,5 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 2015 жылға Ұлттық қордан 28 млрд. теңге бөлінді. Нысандарды салу кезеңінде 2344 жұмыс орнын, ал пайдалануға беру кезеңінде 426 жұмыс орнын ашу көзделген», - деді А. Айдарбаев.

Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын дамытуға да үлкен көңіл бөлініп отыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жуырда «Боржақты - Ерсай» теміржолы салынып біткені және оның бір бөлігінде пойыз қозғалысы ашылғаны мәлім.

А. Айдарбаев осы теміржолды пайдалану уақытында 60 жұмыс орыны ашылатынын айтты. Себебі, алдын ала болжам бойынша, осы жол арқылы алдағы уақытта жылына 8 млн тонна жүк тасымалданады. Оған қоса автомобиль жолының да құрылысы аяқталуға жақын.

Соңғы жаңалықтар