14 маусым. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 14 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

14 маусым. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

43 жыл бұрын (1982) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қарағанды облысында туған. 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2014-2017 жылдары Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды. 2017-2019 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі, 2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрі болды. 2023 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы қызметінде болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

37 жыл бұрын (1986) Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Сағнадинұлы САЛЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алмас Сағнадинұлы САЛЫҚБАЕВ
Фото: Gov.kz

Алматы облысы, Алмалы ауданында туған.

Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2011).

Еңбек жолы: мемлекеттік қызметтегі жұмыс (2009-2017); «Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» ММ басшысының орынбасары (2017 — 2019); Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары (2019-2021) Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары (2021-2023).

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар