150-ден астам қазақстандық студент шетелде тәжірибеден өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы шетелде еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент білім алып, тәжірибеден өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

150-ден астам қазақстандық студент шетелде тәжірибеден өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бағдарламалар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025–2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Негізгі мақсат — тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

— Қазақстандық студенттер тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия және Швейцария елдерінде қысқа мерзімді курстардан, тәжірибеден және тағылымдамадан өтті — дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Муханбетов.

Академиялық ұтқырлық Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру жолындағы маңызды қадам.

Айта кетелік қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада сегіз медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар