18 сәуірде ҚР Үкіметінің арнайы отырысы өтеді

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Дүйсенбі күні, 18 сәуірде Үкіметтің арнайы отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде мәлім етті.
None
None

«Сіздің Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарында, Сіздің осы жылғы қаңтардағы Жолдауыңызда, «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезінде және ұлықтау салтанатында сөйлеген сөздеріңізде алға қойылған міндеттер орындалатынынына осында қатысушылардың бәрінің атынан сендіремін, олар қатаң бақылауға алынатын болады. Біз ертең-ақ арнайы Үкімет отырысын өткіземіз», - деді К.Мәсімов.

Ол Мемлекет басшысының бүгінгі кеңесте берген тапсырмалары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орындалатын болады, деп атап көрсетті.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің кеңесте сөйлеген сөзінде бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жұмысын жақсарту, бизнес-ахуалды жақсарту және экономиканың кейбір салаларын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар