18 жастағы ақтөбелік азамат дүкенге қарақшылық шабуыл жасады

АҚТӨБЕ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы ІІД-нің қылмыстық полициясы қызметкерлері Заречный-2 кентінде дөрекілікпен жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

29 ақпаннң түнінде белгісіз біреу жертөленің терезесін сындырып, «Ақбаян-Ақбала» дүкеніне кіріп 28 жастағы сатушы әйелді ұрып, байлап тастаған, шабуылшы 30 мың теңге және «Нокиа» телефонын ұрлап әкетті.

1 наурыз күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері бұған дейін ұрлық үшін сотталған осы кенттің 18 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Жедел-тергеу шараларын өткізу барысында күдіктінің 5 ақпан күні жасалған ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.

Сол күні ол Заречный-2 кентінің 62 жастағы тұрғынының үйіне кіріп, алтын бұйымдарын, DVD-плеер мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап әкетті. Келтірілген шығын 600 мың теңгені құраған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 175 («Ұрлық») және 179 («Қарақшылық») баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды, ұрланған заттар алынды. Күдікті азамат қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар