06:00, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
19 наурызда Алматыдан Павлодарға қатынайтын қосымша пойыз жолға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты 19-наурыз күні Алматы қаласынан Павлодарға жүретін №160/159 қосымша пойызы жолға шығады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның анықтама бөлімі хабарлады.
«Қосымша бір реттік пойыз 19-наурыз күні шығып, 21-наурызда Павлодарда болады. Вагондарда 700-ге тарта орын бар», - деді анықтама бөліміндегілер.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша да жүреді: «№ 154/153 Астана - Алматы бағыты бойынша Астанадан 18 наурызда шыққан пойыз 19 наурызда Алматыда болады, пойыз бір бағытта жүреді, № 157/158 Алматы-2 - Астана бағыты бойынша Алматыдан 18 наурызда шыққан пойыз 19 наурызда Астанада болады, № 155/156 Алматы-2 - Арыс-1 бағытында 17 наурызда Алматыдан шығып, 18 наурызда Арыста болады, пойыз бір бағытта жүреді.