18:05, 24 Қараша 2014 | GMT +5
19 жыл бойы бой тасалап жүрген көкшетаулық қылмыскер Ресейде құрықталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 19 жыл бойы бой тасалап жүрген көкшетаулық қылмыскер Ресейде құрықталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша "Іздеу" жедел-алдын алу шарасы барысында облыстық ІІД криминалдық іздеу бөлімінің қызметкерлері Ресейдің Челябі қаласында 19 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірген. Кейін оның 1961 жылғы Көкшетау қаласының тумасы екені және 1995 жылы адам өлтіргені үшін ҚазКСР-інің ҚК-нің 88-бабы (адам өлтіру) бойынша іздеуде жүргені анықталды.
Қазіргі кезде ұсталған қылмыскер Челябі қаласындағы Ресейдің ІІМБ уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, оны Қазақстанға жөнелту мәселесі шешілуде.
Еске сала кетсек, жыл басынан бері облыстық ІІД қызметкерлерімен іздеуде жүрген осындай 157 қылмыскер құрықталған.