19:57, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
19 жыл бұрын үш адамды өлтірген бұрынғы қарағандылық Приморье өлкесінде қолға түсті
ҚАРАҒАНДЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы ішкі істер департаменті қызметкерлерінің Ресей Федерациясы Приморье өлкесіндегі әріптестерімен бірлесе жүргізген операциясының нәтижесінде Артем қаласында 19 жыл бұрын Қарағандыда үш адамды өлтірген қылмыскер қолға түсті.

«1991 жылдың қазан айында 1971 жылы туылған С. деген азамат мас кезінде Қарағанды қаласы Болотная көшесінде орналасқан үйде ұрыс салдарынан үш адамды пышақтап кеткен. Олар алға жарақаттарынан сол жерде қаза табады. Қылмыскер ізін жасырып үлгерген», - деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
«Қолға түскен адам тұтқындалып, Артем қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына жабылды. Оны елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр», - деп хабарланды облыстық ІІД-де.