1912 жылы шыққан қаруды тапсырған павлодарлық азаматқа 64 мың теңгеден астам сыйақы төленді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар аудандық ІІБ-іне облыс тұрғыны 1912 жылы шыққан Brevet SCDE шағын калибрлі мылтығын өз еркімен тапсырды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл жүзжылдық тарихы бар ескі қаруды ол Шарбақты ауданының Серитинка ауылындағы ескі, қирап қалған үйден тауып алған. Сарапшылар қаруды әлі де жарамды деп таныды. Павлодарлық азаматқа жалпы сомасы 64,8 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

29 қазанда аяқталған қаруды ерікті түрде тапсыру акциясы кезінде Павлодар облысының тұрғындары тіркелмеген 420-дан астам қару-жарақ пен 7 мыңнан астам патрон тапсырған. Оларға жалпы көлемі 15,5 млн. теңге сыйақы төленді.

Қазіргі уақытта барлық қарулар жойылды, деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Кейіннен тіркелмеген қаруды ұстау, сақтау фактілері анықталған жағдайда, айыптылар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар