11:09, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
2 өрт кезінде үш азамат қаза тапты
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - 2 өрт кезінде үш азамат қаза тапты. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Атап айтқанда, кеше Алматы облысына қарасты Жәпек батыр ауылында жеке тұрғын үй өртенген. Оқиға орнынан 1949 және 1973 жылы дүниеге келген 2 азаматтың денесі табылды.
4 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Дәл осы күні тағы бір өрт Петропавл қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен шыққан. Өрт орнынан 1949 жылы дүниеге келген азаматтың мәйіті табылды.
40 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.