20-21 сәуір күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға мемлекеттік сапармен барады
Сапар барысында Елбасы Эстония Президенті Тоомас Хендрик Ильвеспен, Риигикогу спикері (Парламент) Эне Эргмо мен Премьер-Министр Андрус Ансиппен арнайы келіссөздер жүргізіп, елімізбен ынтымақтастықта қызмет етуге мүдделі эстониялық ірі компания жетекшілерімен кездеседі.
Осы кездесулер аясында үкіметаралық, ведомствоаралық деңгейде, сондай-ақ екі елдің коммерциялық компаниялары арасында екіжақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Бұған қоса кездесулер кезінде көлік, тасымал, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы сияқты екіжақты қарым-қатынастардың болашағы
зор бағыттары талқыланады. «Эстония Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптес болып табылады. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 74,5 миллион АҚШ долларын құрады»,-деді ресми өкіл.