20-21 сәуірде Бакуде АӨСІШК мүше елдердің сарапшыларының кездесуі өтеді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 20-21 сәуір аралығында Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше елдердің ынтымақтастық пен көлік дәліздерінің қауіпсіз әрі тиімді жүйесін дамыту бағытындағы сенім шараларын жүзеге асыру жөніндегі сарапшыларының кездесуі өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.

Аталмыш шарада көлік инфрақұрылымын дамыту, тасымал саясаты, трансшекаралық және кедендік процедураларды оңтайландыру,

көлік дәліздерін лаңкестік мақсатта пайдалануға тосқауыл қою, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен күрес, көлік - бақылау тіректеріндегі заңсыз көші-қон процесін тоқтату сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланады. «Қазақстаннан онда Көлік және коммуникация министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысады»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар