08:51, 16 Қазан 2012 | GMT +5
200 жас ұстаз «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Алматы облысына келді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 қазан. ҚазАқпарат - 200-ден астам жас мұғалім «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Алматы облысына келіп, жұмысқа кірісті.
Білім беру басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, ауылға келген жас мамандарды қолдауға 113 260 теңгеден төленетін болады.
Өткен жылы облыста 569 жас мұғалім, олардың 332-і - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Олардың барлығына 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтермелеу жәрдемақысы төленді.
Оған қоса 4 жас маманға Текелі қаласынан баспана берілді. Қалғандарына баспана алуға несие алуда жеңілдіктер қарастырылған.