14:53, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
2007 жылдан бері елімізде 1 миллионнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды - К. Мәсімов
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2007 жылдан бері елімізде 1 миллионнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.

«Жұмыссыздық деңгейі 2007 жылғы 7,3 пайыздан биылғы екінші тоқсандағы 5,4 пайызға дейін, жастар арасындағы жұмыссыздық 2007 жылғы 9,4 пайыздан 2010 жылғы 5,2 пайызға дейін төмендеді. 1 млн. 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды», - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы білім беру саласын қаржыландыруға бағытталған шығыстар екі есеге артып, 2011 ол 898 млрд. теңгеден асып түсетінін жеткізді. Мұнымен қоса, денсаулық сақтау саласын қаржылындыруға негізделген мемлекеттік бюджет шығыстары биыл 640 млрд. теңгені құрамақ. Соңғы буында жабдықтарды алу үшін медициналық ұйымдарға 100 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.