2008 жылы ел экономикасының негізін құрайтын салаларда жағымды үрдістерді сақтау қалыптасты ? Б. Жәмішев

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылы ел экономикасының негізін құрайтын бірқатар салаларда жағымды үрдістерді сақтау белгілері қалыптасты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Үкімет қабылдаған экономиканы жаңғырту жөніндегі жүйелі шаралар, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыз ахуалға шұғыл ден қою жұмыстары сыртқы факторлардың әсерін әлсіретіп, экономиканың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мәселен, ел экономикасының негізін құрайтын салаларда былтырғы жылы жағымды үрдістерді сақтау білінді. Атап айтқанда, экономиканың өсуі өнеркәсіп өндірісінің көлемінің 2,1 пайызына, электр энергиясын, газ бен суды өндіру 6,4 пайызға өсу есебінен қамтамасыз етілді. Елдегі экономикалық ахуалды дамытудағы оң сәттердің арасында жылдан жылға ұлғайып келе жатқан инвестициялардың көлемін де атап өтуге болады. Мәселен, 2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3 трлн. 836,1 млрд. теңгені құраған. Бұл осының алдындағы жылмен салыстырғанда 41 пайызға артық. Сондай-ақ инвестициялардың басым салалары болып өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен болатын операциялар, жалдау және тұтынушыларға қызметтер беру, көлік және байланыс салалары танылады», - деді Б. Жәмішев. Министрдің айтуына қарағанда, былтырғы жылы ауыл шаруашылығы саласының дамуында баяулау үрдісі байқалған. Бұл салада өндіріс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға қысқарған. Сонымен бірге, тұрғын үй салу қарқынының баяулауына қарамастан, елімізде құрылыс жұмыстарының ауқымы 1,8 пайызға өскен.
Соңғы жаңалықтар