2009 жылды Қазақстан оң нәтижелермен аяқтайды - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

 АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Дағдарысқа қарамастан, 2009 жылды Қазақстан оң нәтижелермен аяқтайды. Жылдық рецесия елімізде болмайды.  
None
None

 Бұл туралы бүгін  Астанада  дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент қомақты қаржы қажет ететін индустриялық бағдарламалар бүгінде тиісті қаржымен қамтылғанын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі, біздің компанияларға көмек көрсету бойынша  қажетті қаржымен қамтамасыз етіліп отырғанын айтып өтті. 2010 жылы да биылғыдай,  осылай жұмыла жұмыс істеудің маңыздылығын атап өткен Елбасы, «Қазақстанның саясаты өзінің тәжірибесі арқылы әлемдегі бейбітшілікке қызмет етуге, ядролық қаруды таратпауға, лаңкестікпен, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизммен күреске бағытталған», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар