2009 жылдың І тоқсанында Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 1,9 млн. АҚШ долларын құрады

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - 2009 жылдың І тоқсанында Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 1,9 млн. АҚШ долларын құрады, оның басым үлесі экспортқа (80 пайызға жуығы) тиесілі, импорт көлемі – 20,3 пайыз,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасап.«Кедендік құнды, тауар кодтарын дұрыс анықтау және баға ақпаратын белсенді жүргізуге бақылаудың үйлестірілген шараларының нәтижесінде кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі болжамдық тапсырма 49 пайызға орындалды, мемлекет бюджетіне 7,3 млрд.теңге аударылды. Ағымдағы жылдың төрт айы ішінде пластикалық карточкаларды пайдалану арқылы бюджетке 2,7 млрд. кедендік төлемдер мен салықтар аударылды», - деп атап өтті облыстық кедендік бақылау департаментінде.
Соңғы жаңалықтар