2009 жылдың қорытындылары Маңғыстау облысында кәсіпкерлік серпінді дамып отырғанын көрсетеді - аймақ әкімінің орынбасары
деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың атап өткеніндей, форумның негізгі мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту қорытындыларын шығару және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі алғашқы жалпы отырысының қортындылары бойынша қабылданған таяудағы міндеттерді белгілеу. Онда елдің индустриялық-инновациялық бесжылдық даму жоспарын жүзеге асыру аясында бизнес-ортаны жақсарту мәселелері қаралған болатын. Мемлекет басшысы Үкіметке жеделдете индустрияландыру ауқымында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жасауды, онда әлемдік дағдарыс жағдайында қиын жағдайда қалған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды оңалту тетіктеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Айтқұлов шаруашылық жүргізетін шағын кәсіпкерлік субъектілері 2008 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскенін атап өтті. Оларда 72 мың адам жұмыс істейді - бұл 2008 жылғыдан 20 пайыздан астам көп.
Маңғыстау облысында жыл асқан сайын шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың облыстың экономикалық белсенді халқының жалпы санындағы үлесі үнемі арта түсіп отыр. 2009 жылы ол 34 пайызды құрады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соңғы екі жылда экономиканы несиелеу қарқыны өсе бастады. Жыл ішінде екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 22 млрд. теңге көлемінде несие берді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп.
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Маңғыстау облысына 101 жобаға 3,5 млрд. теңге несие бөлді. Шағын несиеге сұраныс та жыл сайын арта түсіп отыр.
2009 жылы ғана 1,5 млрд. теңге көлемінде 1230 шағын несие берілді, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл көрсеткіштердің бәрі 2008 жылдың статистикасынан асып түседі. Әсіресе ауылдық жерлерде шағын несиелеуді дамыту өріс алды. Шағын несиелердің басым бөлігі (85 пайызы немесе 1 млрд. теңге) ауыл тұрғындарына берілді. Бұл 1800 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлікті дамытуға аймақ жобаларындағы қазақстандық үлесті арттыру шаралары елеулі қолдау көрсетуде. Жер қойнауын пйдаланатын компаниялар мен жергілікті тауар өндірушілер мен өңірдің сервистік компаниялары арасында өткен жылы 248 млрд.теңгеге меморандумдар жасалды, 2009 жылғы көлемдер тиісті келісім-шарттармен қуатталды және жыл соңына дейін аяқталды. Облыстың ірі компанияларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен кооперативтік байланыстарын кеңейту үшін облыста жыл сайын «Табыс» көрме-жәрмеңкесі және «Алтын сапа» сапа конкурсы өткізілуде. Кәсіпкерлік сауатсыздықты жою үшін облыста халықаралық консалтингтік ұйымдардың, республикалық ұйымдардың, USAID сияқты шағын бизнесті дамыту жобаларымен, Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығымен», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және басқаларының қатысуымен оқыту семинарлары жүйелі өткізіліп келеді.
Форум ауқымында Кеден одағын қалыптастырумен, қазақстандық үлесті арттырумен және әкімшілік кедергілерді азайтумен байланысты үш «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Форумда Маңғыстауға арнайы келген «Атамекен Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Азат Перуашев, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Мұқышев, Индустрия жән сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов сөз сөйледі.