«2009 жылдың үздік судьясы» байқауының жеңімпазы анықталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық сотының конференциясында «2009 жылдың үздік судьясы» өңірлік байқауының қорытындысы бойынша Роза Жакудинова жеңімпаз атанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білгір заңгер мұндай құрметке өңірлік байқауда жиырма үміткердің арасында иелік еткен көрінеді. Роза Қайроллақызы 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдап, Целиноград қаласында нотариалдық кеңседе нотариус қызметінде еңбекке араласқан. Кейінгі жылдары Целиноград облыстық атқару комитетінің әділет басқармасында аға кеңесші, бас кеңесші, Ақмола қалалық сотында судья қызметтерін мінсіз атқарған. 1996 жылы Елбасының Жарлығымен Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Бүгінде ол бірінші біліктілік сыныбы бар судья.

Соңғы жаңалықтар