2009 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 0,6 млрд. долларды құрады

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2009 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 0,6 млрд. долларды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Мәселен, салыстырмалы түрде алсақ 2006 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд. долларды құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1,7 млрд. долларға жеткен. Ал 2008 жылғы тауар айналымы 1,8 млрд. болса, 2009 жылдың қаңтар-тамызында 0,6 млрд. долларды құрады. Бұл ретте Қазақстан экспортының негізгі бағыттары ферроқорытпалар, өңделмеген алюминий, титан және осыдан жасалған бұйымдар болып табылады. Ал елімізге Жапониядан келген импорттың басым бөлігін жеңіл автокөліктер, ауыр техникалар мен моторлы құралдар, медицина, хирургия, электроника, тұрмыста қолданылатын техникалар мен аспаптарды құрайды», деді Б. Жәмішев.

 Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын. 

 Министрдің айтуынша, аталған келісім Қазақстан мен Жапония арасында экономикалық, ғылым мен техникалық және мәдени ынтымақтастықты одан сайын дамыту мен тереңдетуге жәрдемдесетін болады. Сонымен бірге, конвенция әрбір мемлекетке бір мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғалары екінші мемлекетке алынатын кірістерінің жекелеген түрлеріне салық салу құқығын бекітіп беру жолымен өзара қарым-қатынастарды реттеуге ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар