2010-2012 жылдар бюджетінде инвестициялық жобаларға 1,049 миллиард теңге қарастырылған - Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәслихат баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында жергілікті бюджет есебінен Аршалы, Атбасар, Сандықтау аудандарында 320 орындық мектеп, 320 және 120 орындық бала бақшалары салынатын болады. Сонымен бірге Аршалы, Бұланды, Ерейментау, Жақсы, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногор қалаларында су құбырларын жаңарту және жаңасын салу, қайта жарақтау жұмыстарына бір миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Әлеуметтік үйлестіру бағдарламасына орай Бұланды, Бурабай аудандарында қарттар мен мүгедектер орталықтарының жылу және су жүйелері ретке келтірілетін болады. Тұрғын үй құрылысына 214 миллион теңге бөлініп, Есіл ауданында 54 пәтерлі , ал Степногор қаласында «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру ниетімен 36 пәтерлі үй салынады. Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне күрделі жөндеу жұмыстары шешімін таппақ. Оған 330 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.