2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 52 құжат кіріктіріледі - Индустрия және сауда вице-министрі

trong>Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында бұған дейін қабылданған өзге бағдарламалардағы олқылықтар толық ескеріледі.
None
None

Бұл туралы  Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Исқалиев  бүгін Алматыда өтіп жатқан «Күз 2009 Ұлттық бизнес форумында» айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Қазір Үкіметте 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жасалып жатыр. Мемлекеттік және салалық жаңа бағдарламаларда бұған дейін қабылданған индустрияландыру саласындағы өзге құжаттардың олқы тұстары толықтырылады. Оған кіріктірілетін құжаттардың жалпы саны 52-ні құрайды», дейді Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Исқалиев. Оны жасау кезінде  жаңадан әзірленген әдістеме негізінде арнайы құрылған жұмыс тобында 180 салаға талдау жасалған.   Сондай-ақ оның қорытындысы бойынша  46 сала  іріктеліп алынып, қазіргі таңда  олардың 23-і бойынша жоспарлар  жасалып жатыр. «Ол өнім өндірудің оңтайлы технологиясын, потенциалды тұтыну нарықтарын, бәсекелестік деңгейін, инновациялық жобаларға шағын және орта бизнестің қатысу мүмкіндіктері мен  қолданыстағы заңдарға  қажетті өзгерістерді анықтайды. Сондай-ақ негізгі бағыттар бойынша - институционалдық, инфрақұрылымдық және  инвестициялық негізгі тетіктерді жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның басты мақсаты - экономиканың бәсекеке қабілеттігін арттыру және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Оны жүзеге асыруда мынандай 5 стратегиялық мақсаттар айқындалып отыр.  Бірінші, бизнесті жүргізуге қолайлы орта. Екінші, ұлттық экономиканы жаңарту және әртараптандыру. Үшінші, тиімді ұлттық инновациялық жүйе. Төртінші, тұтыну мен тұтынушылар нарықтарына енуді қамтамасыз ету. Бесінші, экономиканы инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету», дейді Ерхат Исқалиев.

Соңғы жаңалықтар