2010 жыл ішінде кәсіпкерлік саласында 63,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта бинес нысандарында 63,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген, өсім былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,1 пайызды құрап отыр.
None
None

Жыл ішінде өңірде өз несібесін кәсіпкерлікті қолдау арқылы тауып отырғандар қатары 0,3 пайызға артып, 93 мың адамға жеткен. Өңірде 21,4 мың шағын және орта бизнес кәсіпорындары тіркелген, өсім өткен жылға қарағанда 0,9 пайызға тең. Бүгінде белсенді кәсіпорындардың 23,9 пайызы көтерме және жеке сауда-саттық саласында, 19,2 пайызы құрылыста, 18,3 пайызы ауыл, балық және орман шаруашылығында, 10,6 пайызы өндірісте еңбек етіп келеді. Аймақтар бойынша белсенділік Көкшетау (47,4 пайыз), Степногор (9,4 пайыз) қалаларында, Бурабай ауданында (9,1 пайыз) ең жоғары.

Соңғы жаңалықтар