2010 жылдан бастап Қарағанды облысында «Нұр Отанның» 27 мүшесі партиялық бақылау желісі бойынша жауапқа тартылды
Оның айтуынща, партиялық желі жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер үшін Қаражал және Приозер қалаларындағы партия филиалдары төрағаларының орынбасарлары жазаға тартылды. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңын және партия Жарғысының баптарын бұзғандары үшін ағымдағы жылдың сәуір айында Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Саққұлақов, Пионерское селосының әкімі М.Степанов, осы ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Е.Теміров жауапқа тартылды», - деді А.Базарбаев өз сөзінде.
Тағы үш адам: Жезқазған қаласындағы «Сарыарқа» өндірістік бірлестігі Кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы М.Қоңырбаев, Осакаров ауданындағы Сұңқар және Сарыөзек селолық округтерінің әкімдері Б. Күмісбеков пен О. Асқарбаев партиялық билеттерінен айрылды, деп атап көрсетті «Нұр Отанның» облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. «Өздеріңіз көріп отырғандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес - партияның тұрақты, мақсатты жұмысы», деді ол өз сөзінде.
«Нұр Отанның» қарағандылық партиялық ұйымы республикадағы ең үлкен ұйым болып табылады және оның қатарында 80 мыңнан астам мүше бар. Филиалдың құрылымына партияның 22 қалалық және аудандық бөлімі кіреді.