2010 жылдың алғашқы екі айында Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің өсімі Үкіметтің алдын ала күткенінен жоғары болып отыр - К.Мәсімов

nbsp; АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылдың алғашқы екі айында Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің өсімі Үкіметтің алдын ала күткенінен жоғары болып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта еліміз әлемділік қаржылық-экономикалық дағдарыстың неғұрлым ауыр салдарын еңсере алды деп айта аламыз. Қазақстан жаппай жұмыссыздықты, кәсіпорындардың сұрапыл банкротқа ұшырауын және өндіріс көлемінің күрт құлдырауын білген жоқ. Мұндай жағдайлар 2010 жылдың екі айында оптимизмге жетелейді Өнеркәсіп көлемінің өсімі және ішкі жалпы өнімнің өсімі біздің алдын ала күткендегімізден жоғары болып отыр», деді отырыста Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, мұндай өсімдердің барлығы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. «Мемлекет басшысы қоғамды жұмылдырып, дағдарысқа қарсы айқын әрі нақты шараларды ұсынды, ол үшін қажетті қаржы бөлді», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар