2010 жылдың қаңтар-наурызында тұрғын үй құрылысына 740 миллион теңге инвестиция тартылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика департаментінің деректері бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айында тұрғын үй құрылысы мақсатына 740 миллион теңгеден астам инвестиция тартылған,
None
None

бұл былтырғы жылғы деңгейден едәуір артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарастырылған қаржының 11 миллион теңгесі республикалық бюджетке, бес миллион теңгесі жергілікті бюджетке, 414 миллион теңгесі жеке құрылыс жүргізушілерге тиесілі. Осы уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға Целиноград ауданында - 187 миллион теңге, Зерендіде - 168,2 миллион теңге, Көкшетау қаласында - 124 миллион теңге, Бурабай ауданында 95,4 миллион теңге қаржы тартылған. Нәтижесінде облыс көлемінде 50 630 шаршы метр баспана тұрғызылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,1 есеге артық. Көкшетау қаласы, Целиноград, Бурабай, Ерейментау, Шортанды аудандары алда келеді.

Соңғы жаңалықтар