2010 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда интернет-ресурстарды пайдалану деңгейі 30 пайызға артты - Ә.Смайылов

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда интернет-ресурстарды пайдалану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 30 пайызға артты.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

Ә.Смайылов атап көрсеткендей, аталмыш кезеңде байланыс қызметтерінің көлемі 104,9 пайызға артты. Өсім негізінен интернет есебінен болған. Ол - 30 пайызды құрады. Сондай-ақ ұялы байланыс қызметтерін пайдаланушылар 14,2 пайызға көбейген.

Сонымен бірге Агенттік төрағасы, ағымдағы жылғы тамыздың 1-іне дейін елімізде тіркелген заңды тұлғалардың саны 298 387-ні құрағанын, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 2 пайызға артқанын мәлім етті. Оның 282 577-сінде 50 адамнан кем емес қызметкерлер жұмыс істейді. Нақты жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны - 190 780, оның ішінде шағын кәсіпорындар - 175 965.

Тамыздың 1-іне дейін 215 164 шағын бизнес субъектісі тіркеуден өтті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар