2010 жылдың нақтыланған бюджетінің жобасында агроөнеркәсіптік кешенді қосымша қаржыландыруға 30 млрд. теңге қарастырылған - Үкімет басшысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз алдымызға заманауи технологияларды және жаңа жабдықтарды енгізу жөнінде міндет қойдық. Осы орайда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру жөнінде нақты міндет жүктеді. Бұл үшін резервтеріміз жетерлік. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді күрт арттыру қажет. Біздің рыногымыздағы азық-түліктің 80 пайызы отандық өндірістің өнімдері болуы тиіс», деген Премьер-Министр осы міндеттерге қол жеткізу үшін нақтыланған бюджеттің жобасында агроөнеркәсіптік кешенді қосымша қаржыландыруға шамамен 30 млрд. теңге қаржы қарастырылғанын атап көрсетті.
«Қазір бұл мәселе жөнінде қоғамда пікір алмасу жүруде. Біз отандық азық-түлік өнімдерінің өндірісін ұлғайтуымыз керек. Біздің азаматтарымыз қол жетімді отандық азық-түлік тауарларын алатын болады», деді Үкімет басшысы.