2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Беларус, Қазақстан және Ресейдің Біртұтас кеден тарифтері іске қосылады

sp;МИНСК. Қарашаның  27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Беларус, Қазақстан және Ресейдің Біртұтас кедендік тарифтері іске қосылады. Бұл туралы бүгін Минскіде өткен мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко мәлім етті,
None
None

деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ал оны құру жөніндегі өкілеттік ұлтүстілік органға - Кеден одағының комиссиясына беріледі. 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап үш мемлекеттің - Беларус, Қазақстан және Ресейдің Біртұтас Кеден аумағы жұмыс істей бастайды», деді баспасөз мәслихатында Беларус басшысы.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі күнді маңызды деп есептейтінін айтты. «Үш елдің - Беларус, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағының құрылуы, 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Біртұтас Кеден тарифінің жұмыс істей бастауы ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі мәжілісінің маңызды тарихи оқиғасы болды», деді Н. Назарбаев.

Елбасы 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде ЕурАзЭҚ-ты құру туралы бастама көтергенін айта келе: «15 жылдан кейін алғашқы салмақты қадам жасалды. 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енеді», деді. Елбасының айтуынша, бұл шешімдер кең құқықтық, қатысушы мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігіне құрмет негізінде қабылданды. Және барлық мемлекеттер үшін пайдалы. «170 млн. адамдық ірі рынок құрылуда. Біздің елдеріміздің жалпы өнеркәсібі 600 млрд. доллар. Тек қана мұнайдың жиынтық резерві 90 млрд. баррель. Біздің елдеріміз энергия ресурстары рыногында маңызды ойыншыға айналып отыр. Біздің елдердің ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 112 млрд. доллар. Бидайдың әлемдік өндірісінің 12 пайызы, осы өнім экспортының 17 пайызы біздің елдеріміздің еншісінде. Біздің елдеріміздің ортақ ішкі жалпы өнімі 2 трлн. доллар, жиынтық тауар айналымы 900 млрд. доллар», деді Қазақстан Президенті.

Елбасының айтуынша, сарапшылардың есебі бойынша Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кеден одағынан келетін жалпы әсер Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы.

Соңғы жаңалықтар