11:55, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
2010 жылы біз еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуына негіз қалауымыз қажет - Үкімет басшысы К. Мәсімов
А. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің облыс басшылары басқаратын арнайы штабтарды құру жөніндегі ұсынысын қолдайтынын білдірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысы атап көрсеткендей, аталған құрылымдар еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы, «100 мектеп, 100 аурухана» сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан әлеуметтік-өндірістік нысандарды бақылауда ұстайтын болады.
«Осы штабтардың арқасында біз атқарылып жатқан барлық жұмыстарымызды үйлестіре аламыз. Егер, 2009 жылды біз қаржы дағдарысының өзекті мәселелерін шешумен өткізсек, 2010 жылы біз еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуына негіз қалауымыз қажет», деді К. Мәсімов.