2010 жылы шағын және орта бизнестің несиелерін субсидиялауға шамамен 30 млрд. теңге бөлінетін болады

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет 2010 жылы шағын және орта бизнестің несиелерін субсидиялауға шамамен 30 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылы шамамен 25-30 млрд. теңге бөлінетін болады. Егер олар субсидияланатын болса, онда банктер 300 млрд. теңгедей несиені қайта құрылымдай алады. Бұл жеке бизнес, кәсіпорындар үшін айтарлықтай қолдау болады, деді отырыста Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, бұл ретте мемлекеттің бөлген қаржысын бақылайтын мониторинг жүйесі іске қосылады. «Мемлекеттің қаржысы тек қана белгіленген мақсатқа және тиімді пайдаланылуы тиіс», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар