13:20, 02 Қаңтар 2012 | GMT +5
2011 жылдың 31 желтоқсаны мен 2012 жылдың 1 қаңтарында Жаңаөзендегі барлық мемлекеттік және әлеуметтік нысандар штаттық режімде жұмыс істеді
АСТАНА. 2. қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 31 желтоқсаны мен 2012 жылдың 1 қаңтарында барлық мемлекеттік және әлеуметтік нысандар штаттық режімде жұмыс істеді.
Осы күндері қоғамдық тәртіптің бұзылуы тіркелген жоқ, деп хабарлады Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қазіргі күні Жаңаөзен қаласындағы, сонымен қатар толық өңірдегі жедел жағдай тұрақты әрі құқық қорғау органдарының бақылауында», - делінген әкімдік ақпаратында.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні коменданттық сағат ересін бұзған 25 адам, ал 1 мен 2 қаңтар аралығында 8 адам ұсталды.
«Жаңаөзен қалалық конмендатурасы Жаңаөзен қаласының тұрғындары, Жаңа жылдық мерекеге басқа облыстардан келгендер үшін шамамен 2500 уақытша рұқсат қағазын бөлді. Осы күндері конменданттық шолғыншы қызметіне қатысты ешқандай шағым мен өтініш түскен жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында.