2011 жылдың наурызында банк секторының сыртқы қарыздары 16 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды-Үкімет басшысы

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылдың наурызында банк секторының сыртқы қарыздары 16 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Қазақстанның банк секторының сыртқы қарыздары 2007 жылғы желтоқсандағы 46 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылдың наурызында 16,6 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздары 29,4 млрд. долларына төмендеуі орын алды»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет басшысы дағдарыс кезінде де Ұлттық қордың қаржысы арта түскенін айта келе: «Бұл біздің саясатымыз болды. Ұлттық қордың активтері 2007 жылғы қаңтардағы 14,7 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылғы тамызда 40,3 млрд. АҚШ долларына дейін өсті»,-деді.

К. Мәсімовтің сөзіне қарағанда, Ұлттық банктің жалпы резерві мен Ұлттық қордың қаржысы биылғы тамызда 76,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар