2011 жылдың желтоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы өзгерген жоқ
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Атап айтқанда, 2011 жылғы желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 0,1 пайызға жоғарыласа, өңдеу өнеркәсібінде 0,1 пайызға төмендеді. Баға өндірілген өнімге 0,1 пайызға қымбаттап, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 0,2 пайызға арзандаған.
Сонымен қатар, агенттіктің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, өткен айда бағаның сұйытылған пропан мен бутанға - 1,6 пайыз, мұнайға - 0,7 пайыз, бензинге - 0,5 пайыз, табиғи газға - 0,4 пайыз, дизельдік отынға - 0,3 пайызға төмендеуі тіркелген. Сонымен қатар, баға металл кендеріне - 13,4 пайыз, отындық мазутқа - 12,4 пайызға жоғарылаған. Бұдан бөлек, бір айдағы баға қара металдар илегіне 3,3 пайызға төмен, алюминийге - 5,8 пайыз, мырышқа - 5,1 пайыз, мысқа - 2,3 пайыз, асыл металдарға - 1,4 пайыз, қорғасынға - 0,3 пайызға жоғары болды.
Сондай-ақ, жармалар - 3,6 пайыз, бидай ұны - 2,3 пайыз, қара бидай ұны - 0,4 пайыз, мал еті - 1,9 пайыз, құс еті - 0,2 пайыз, өсімдік майы - 1,6 пайызға арзандаған, ал маргарин мен сүт өнімдері - 0,6 пайыз, балық - 0,3 пайызға қымбаттады.