2011 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес, Жаңаөзендегі 742 адам жұмысқа орналасу өтініштерін берген
Бұл туралы pm.kz сайтында Маңыстау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасалып хабарланды.
«Өзенмұнайгаздан» жұмыстан шығарылған адамдардан жаңа Бұрғылау жұмыстары басқармасына орналасу үшін 742 өтініш келіп түсті», - делінеді облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақпаратта сондай-ақ «Қаражанбасмұнай» АҚ-ға 267 өтініш келіп түскендігі көрсетілген. Нәтижесінде, 31 желтоқсандағы мәліметтер бойынша, 1009 өтініш келіп түсті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың атап көрсетуінше, үкіметтік комиссия жұмысының басты міндеттерінің бірі Жаңаөзендегі және Ақтаудағы жұмыстан шығарылған адамдарды еңбекпен қамту болып табылады. Осы мақсатта қазір жаңа Бұрғылау жұмыстары басқармасы құрылуда. Оған қоса, «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшылығы жаңа өндірістік құрылымдық бөлім құру мәселесін қарастыруда.