2011 жылғы еліміздегі ауыл шаруашылығы дақылдары түсімінің қорытындысы шығарылды

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылы көпшілік ауыл шаруашылығы дақылдары түсімінің айтарлықтай өсуі байқалды,
None
None

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Республикада 26 960,5 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдары жиналды, оның 22 732,1 мың тоннасын (84,3%) бидай құрады. Картоп түсімі 3 076,1 мың тоннаны, ашық топырақта өсірілген көкөністер - 2 850,0 мың тонна, майлы дақылдар - 1 141,9 мың тоннаны құрады.

Республиканың дәнді және бұршақ дақылдары өндірісінің жалпы көлеміндегі түсім Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына 29 пайыздан, ал Ақмола облысына 25 пайыздан келеді. Ашық топырақта өсірілген көкөністердің ең үлкен түсімі Оңтүстік Қазақстан облысында жиналған (республикалық көлемнің 25,5%). Ал картоп Алматы облысында (19,5%), күнбағыс Шығыс Қазақстан (51,6%) облысында алынған.

Соңғы жаңалықтар