2011 жылғы шілденің 1-інен бастап Қазақстан, Ресей және Беларус арасында бірыңғай кеден аумағы әрекет етеді

МИНСК. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - 2011 жылғы шілденің 1-інен бастап Қазақстан, Ресей және Беларус арасында бірыңғай кеден аумағы әрекет етеді деп күтілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз үкімет басшыларының қарауына Кеден одағын құру жөніндегі тұжырымдық қадам туралы құжаттарды емес, оны құрудың мерзімі мен кезеңі туралы келісімді енгізуді келістік, осыған сәйкес 2011 жылғы шілдеге қарай үш мемлекет аумағында толыққанды кеден одағы құрылады», - деді ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Кеден Одағы комиссиясы 5-ші отырысының қорытындысы бойынша Минскіде өткен брифингте.Естеріңізге сала кетейік, кедендік одақты құру 2010 жылғы қаңтардың 1-іне жоспарланған.Сондай-ақ Ө.Шөкеев тараптар «маусымның 9-ында Мәскеуде өткен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінде үкімет басшылары Бірыңғай кеден тарифын бекіту мәселесіне жақындап келді», деп хабарлады.ҚР бірінші вице-премьері жалпы бірыңғай кеден тарифына 11 мыңнан астам айқындама енгізілген. «Олардың ішіндегі бүгінгі күнге дейін келісілмегені 5 пайызды құрайды. Үкімет басшыларының кездесуіне дейін біз бұл айқындамаларды келісу мүмкіндігін қарастырамыз», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары, Кедендік одақ комиссиясының төрағасы Игорь Шувалов «2009 жыл барысында бұл құжатты ұлттық деңгейде бекіту үшін» бұрын дайындалып қойған Кеден кодексінің жобасы бойынша сарапшыларға отырыстың нәтижесіне орай жұмыстар жүргізу тапсырылғанын хабарлады.Бұдан бұрын хабарланғанындай, комиссия отырысында Кеден Одағына республиканың қосылуы рәсімдерін жұмыс тәртібімен бастау туралы Қырғызстанның мәлімдемесі қаралды. Комиссия шешімі бойынша Қырғыз Республикасының Кеден одағының нормативтік-құқықтық базасын дайындау жөніндегі жұмыстарға қатысуы және бұл елдің аталған құрылымға қатысу форматы туралы мәселелер бойынша жұмыс тобы құрылды.
Соңғы жаңалықтар