2011 жылы 274 мың жаңа жұмыс орны құрылды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі жаңа жұмыс орындарын құру мәселесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2011 жылы 274,7 мың жаңа жұмыс орны құрылса, оның 128,2 мыңы - ауылдық жерлерде құрылып отыр, деп хабарлайды pm.kz сайты.
None
None

Салалық бөліністе ең көп жұмыс орны өнеркәсіп саласында (32,4 мың), сауда саласында (31,8 мың), құрылыс (31,1 мың) және ауыл шаруашылығында (21,7 мың) құрылып отыр. 

Айта кету керек, құрылған барлық жұмыс орнының ішінде 198,2 мыңы - тұрақты жұмыс орны болса, 76,5 мыңы - уақытша және маусымдық жұмыстар. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Мемлекеттік бағдарлама қолға алынған 2 жылдың ішінде жалпы сомасы 1,8 трлн. теңгенің 389 жобасы іске қосылып, 90 мың жаңа жұмыс орны құрылды. 

Оған қоса, 2011 жылы «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 6,3 мың адам бос жұмыс орындары базасындағы бос жұмыс орындарына тұрғызылса, кәсіпорындар және ұйымдармен жасалған келісімдер бойынша 16,2 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар