2011 жылы 58 600 адам «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірді

  АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «2011 жылы 58 мың 600 адам «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, әлеуметтік келісім-шарт жасады.
None
None

38 мың 500 адам бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Бұл туралы бүгін аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі сараптама тобының кезекті отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. 

Оның сөзінше, келісім-шарт жасаған азаматтардың 60 пайызы жұмыссыздар, 35 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал 5 пайызы тұрмысы нашар отбасының мүшелері. Сондай-ақ, келісім-шартқа қол қойғандардың 60 пайызы 29-ға дейінгі жастар. Ал әйелдер 40 пайызды құрады. «Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін қамтиды. Оған кәсіптік және техникалық білім беретін 431 ұйым тартылды. Ал оқу жұмыстарына бағдарлама іске қосылған алғашқы 2011 жылы 69 мың адам қамтылды. Оның ішінде 26 мың адам 2009-2010 жылдардағы «Жұмыспен қамту» жол картасының аясында басталған оқуларын жалғастырды»,- деді вице-министр. 

Оның деректеріне қарағанда, 2011 жылдың жартысында оқумен қамтылған азаматтардың 31 мыңы оқуларын аяқтап, бағдарлама аясында 16 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Осы ретте неліктен оқумен қамтылған азаматтардың тек 50 пайызы ғана жұмыспен қамтылды деген заңды сауал туады. Бұл біздің жергілікті атқарушы органдар жіберген кемшілік. Әрине бұның өзіндік объективті себептері де бар. Яғни біз жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша оқытқан 26 мың азаматты оқуға қабылдағанда, оларды міндетті түрде жұмыспен қамту қажет деген талап болған жоқ. Сол себепті оқумен қамтылған азаматтардың 50 пайызы жұмыссыз жүр.

Ал қазіргі талаптар бойынша азаматтар тек ең қажетті деген мамандықтар бойынша ғана оқытылып жатқандығын ескертеміз»,- деді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар