2011 жылы Ақтөбеде "Қазпоштаның" ақпараттық-логистикалық сұрыптау орталығы іске қосылады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазпошта" АҚ-ы алдағы 2 жылдың ішінде Ақтөбе, Астанада ақпараттық-логистикалық сұрыптау орталықтарын ашады. Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданындағы "Ақ бұлақ" спорттық-сауықтыру орталығында басталған "Сауда миссиясы" семинарында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Қазпошта" АҚ-ның пошталық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Байжігітовтің айтуынша, халықаралық стандарттар деңгейіндегі алғашқы ақпараттық-логистикалық сұрыптау орталығы 2008 жылы Алматыда ашылған болатын. Енді мұндай орталықтар 2011 жылы Ақтөбеде, ал 2012 жыл Астанада іске қосылмақ. Оған биыл 415 миллион теңге инвестиция салынады.

Жалпы Қазақстан халқының 8,6 миллионы 87 қалада, ал 7,4 миллионы 7,5 мың ауылдық елді-мекендерде тұрады. Оларға "Қазпошта"АҚ-ның 19 филиалы қызмет қызмет көрсетуде. Ондағы 3 318 пошталық байланыс бөлімшелерінің 596-сы қалада, 2722-сі ауылда орналасқан. Пошталық байланыс бөлімшелерінің ең көбі Алматы (467), Оңтүстік Қазақстан (287), Шығыс Қазақстан (279), Ақмола (257) облыстарында, ал ең азы Маңғыстау облысы (45) мен Астана (59), Алматы (65) қалаларының поштамтында.

"Пошталық байланыс бөлімшелерінің 29 пайызы немесе 895-і автоматтандырылған, ал 71 пайызы немесе 2228-і автоматтандырылмаған. "Қазпошта" АҚ-ның 2010-2020 жылдарға инвестициялық бағдарламасында пошта байланысының ауылдық бөлімшелерін автоматтандыруға 2010 жылы 585 миллион теңге, ал 2011 жылы 760 миллион теңге бөлу қарастырылған", дейді Бауыржан Ержанұлы.

Соңғы жаңалықтар