2011 жылы Қазақстан мен Ресей жерінде Алтай қорығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатын болады - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 жылы Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің жерінде Алтай қорығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Эльдана Сәдуақасова мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы 2011 жылы таныстырылатын болады.

«2008-2009 жылдары Ресей Федерациясымен бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Алтай қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын Қазақстан мен Ресей жерінде құру мәселесі жоспарға енгізіліп қойған. Бүгінде географиялық және биоэтникалық параметрлер анықталды. Дайындаған құжатымыз екі рет мемлекетаралық ресімдеулерден өтті. Өткен жылдың желтоқсанында бұл келісімнің соңғы бекітілген нұсқасын жолдадық», - дейді ол.

Екі елдің тараптары екі жақты келісімге биылдан қалдырмай қол қояды деп күтілуде.

Сондай-ақ, Э.Сәдуақасованың айтуынша, Алтай қорығы үш елдің - Қазақстан, Ресей мен Моңғолия шекараларының аумағында орналасқандықтан, бұл жобаға Моңғолияны да тарту мәселесі қарастырылуда.

«Біз дайындалған келісімді Моңғолияға да жолдадық. Олар бұл мәселені қарастырып жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар