2011 жылы Қазақстанның жағдайларына бейімделген Еуропалық кодтар және Еуропалық стандарттарға кезең-кезеңмен көшу жүргізіледі

ыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011 жылы Қазақстанның жағдайларына бейімделген Еуропалық кодтар және Еуропалық стандарттарға кезең-кезеңмен көшу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесі Баға қалыптастыру комиссиясының 4-ші мәжілісіне қатысушылармен кездескен ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин айтты.
None
None

Ел Үкіметінің тапсырмасы бойынша құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесіне реформа жүргізілетіндігін атап өткен ол « 2010 жылы 58 бөлімнен тұратын барлық 10 Еуропалық кодтар аударылып, оларды қолдану жөнінде нұсқаулықтар әзірленеді. Сондай-ақ, «Нормалау жөніндегі Еуропалық ұйыммен» бекітілген Еуропалық кодтарды сатып алу және оларды қолдану бойынша барлық міндетті процедуралар сақталатын болады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының құрылыс саласында шетел инвесторларының қызметі үшін техникалық кедергілерді жоюға және 2011 жылдан бастап еурокодтарды қолдануға мүмкіндік береді», деді.

Сонымен қатар С.Нокин агенттік 2015 жылға қарай Қазақстанды еуронормаларға толығымен бейімдеуді мақсат тұтып отырғандығын баса айтты. Оның сөзіне қарағанда, өтпелі кезеңде қолданыстағы қазақстандық нормативтер еурокодтармен бірге қатар пайдаланылатын болады. Ал 2011-2012 жылдары еурокодтардың барлық 58 бөліміне ұлттық нормалар мен стандарттармен толықтырылған ұлттық қосымшалар, сондай-ақ жобалаушылардың анықтамалары, басқару құжаттары және тағы да басқалар әзірленеді. Олар әзірленіп, қолданысқа енгізілген сайын ескірген қазақстандық нормативтер жойылады.

Соңғы жаңалықтар