2011 жылы омбудсмен мәртебесін Париж ұстанымдарына сәйкес келтіру мәселесі қаралып жатыр

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылы омбудсмен мәртебесін Париж ұстанымдарына сәйкес келтіру мәселесі қаралып жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «2009 жылғы мамырдың 5-13-і аралығында Қазақстандағы миссиясының нәтижесі бойынша азаптау мәселесі тұрғысында БҰҰ Арнайы баяндамашысының ұсынысын және БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің ұсыныстарын орындау» атты дөңгелек үстелде ҚР Бас прокурорының орынбасары Асқар Секішев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы М. Новактың өткен жылы Қазақстанға жасаған сапарынан кейін елімізде азаптауға және қатыгездіктің басқа да әрекеттермен күрес саласында қосымша маңызды жүйелік шаралар қабылданды.

Осы орайда А. Секішев 2011 жылы омбудсмен мәртебесін Париж ұстанымдарына сәйкес келтіру мәселесі қаралып жатқанын жеткізді (Париж ұстанымдары - адам құқығын ынталандыру және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты). Адам құқықтарын қорғау тетіктерін бұдан ары қарай жетілдіру мақсатында Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары кезең-кезеңімен орындалып отыр.

Соңғы жаңалықтар