19:40, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
2011 жылы ресей-қазақстан одақтастық қатынастары қосымша оң серпінге ие болды - Д.Медведев
СКЕУ-АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - РФ Президенті Дмитрий Медведев шет елдердің мемлекеттері мен үкіметтері басшыларына Жаңа 2012 жылмен құттықтау жолдады.
Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған құттықтауда 2011 жылы ресей-қазақстан одақтастық қатынастары қосымша оң серпінге ие болғаны атап өтіледі. Ресей басшысы энергетикалық салада және инвестициялық ынтымақтастық ауқымындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы табыстарды айрықша атап өткен. Д.Медведев сондай-ақ интеграциялық үдерістер жаңа елеулі серпін алғанын атап көрсетеді: «ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларындағы Мәскеуде өткен жоғары деңгейдегі кездесулер ТМД, ҰҚШҰ, Кеден одағы ауқымындағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру мен Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы тиімді жұмыс одан әрі өрістей түскен жалпы көңіл-күйді қуаттады», - делінген жолдауда.