2011 жылы республика бойынша ірі қара мал өсіретін 900 фермерлік қожалық пайда болды - А. Мамытбеков

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылы республика бойынша ірі қара мал өсіретін 900 фермерлік қожалық пайда болды.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақмола облысы Астрахан ауданының бірқатар мал шаруашылығы нысандарын аралау барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің айтуынша, оларға қосымша 55 мыңнан астам іріқара мал басы сатып алынып берілді.

«Кәсіпкерлер өзінің жеке меншігіндегі жерді және сатып алынған малды кепілдікке салады. Несие жеңілдетілген ставкалармен бөлінді. Басқа талап қойылмайды. Мемлекеттің осындай жеңілдетілген жүйесінің арқасында былтыр мыңға жуық фермерлік қожалықтар пайда болды», - дейді министр.

«Бағдарламаның басталған кезінде біздің есебіміз бойынша, мұндай фермерлік қожалықтардың жалпы саны 5 жылдың ішінде 2,5 мың деп есептелсе, қазірдің өзінде біз ол меженің әлдеқайда артығымен орындалатынын көріп отырмыз. Бір жылдың өзінде 1 мыңға жуық фермерлік қожалықтар пайда болды. Ол 5 жылдың ішінде 3-4 мыңнан асады деген сөз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ведомство басшысы сұхбат барысында мемлекет тарапынан әрбір аналық басқа 16,5 мың теңге субсидия бөлінетіндігін айтты. Бұл қаражат асыл тұқымды бұқа сатып алуға және шаруаны дөңгелетіп әкетуге үлкен көмек болмақ.

Соңғы жаңалықтар