2011 жылы республикада «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тиімді жүргізілді - Г. Әбдіхалықова

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылы республикада «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тиімді жүргізілді.
None
None

Бүгін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асырудың 2011 жыл қорытындылары бойынша жұмыс сапарымен Ақмола облысына барған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова бағдарламаға осындай баға берді. 

Оның айтуынша, халық «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына белсенді қатысуда. 

«Былтыр республика бойынша бөлінген 40 млрд. теңге толығымен жүзеге асырылды. Белсенділік бар, әсіресе жастардың ішінде. Қатысушылардың 70 пайызы жастар болды. Сондықтан биыл бұл бағдарламаға бөлінген қаржы 67 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Соның ішінде несие беруге жоспарланған қаражат көлемі 3-4 есеге дейін көбейтілді. Сонымен бірге, биыл төртінші бағыт қосылып отыр, ол - ауылдардағы әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу. Жөндеу жұмыстарына Жол картасы негізінде даярланған мамандар тартылады», - деп атап өтті ол.  

Соңғы жаңалықтар