07:56, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
2011 жылы Жамбыл облысының 25 елді мекеніне газ тартылады
РАЗ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2011 жылы Жамбыл облысында 25 елді мекен газдандырылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстың үш ауданының 25 елді мекенін газдандыруға 1,3 млрд. теңге бөлінді.
Бүгінде Байзақ ауданында 10 шақырымдық құбыр тартылды, Талас ауданында да бұл жұмыстар басталды, Жамбыл ауданында елді мекендерді газдандыру бойынша мемлекеттік сатып алулар рәсімі жүрізілуде.
«Қазтрансгаз» акционерлік қоғамы 2011-2012 жылдары «Қордай-Шу» газ құбыры құрылысына 4 млрд. теңге қарастырып отыр.
«2011 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 542 млн.теңге бөлініп отыр. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін 2012 жылы Қордай және Шу аудандарының 36 елді мекеніне табиғи газ тарту мүмкіндігі туады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні облыста екі қала және 65 елді мекен табиғи газдың игілігін көріп отыр.