2011 жылы Жаңаөзенде 7,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды - Б.Нұрымбетов

Бұл туралы Жаңаөзен қаласында ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметовтың қатысуымен болып өткен кеңес барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
«Жол картасының арқасында 617 жұмыс орны, 1649 әлеуметтік жұмыс орны, 217-сі жастар тәжірибесі арқылы қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша облысқа 1,5 млрд. теңге, соның ішінде Жаңаөзен бойынша - шамамен 200 млн. теңге қарастырылған. Бұл 3,5 мың адамды, соның ішінде Жаңаөзендегі 640 адамды қамтуға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Сонымен бірге, Б.Нұрымбетовтың айтуынша, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны тиісті өтінім берілсе өсіру жағына қарай қайта қарастыруға болады.
«Бұдан басқа, 2012 жылы аймақтық картаны іске асыру жалғастырылатын болады, 519 жұмыс орнын құратын оған 1 млрд. теңге бөлінген. Аймақты дамыту жоспарының аясында 2012 жылдан 2015 жылға дейін тікелей Жаңаөзенде мұғалімдер мен дәрігерлер үшін 900 тұрақты жұмыс орындарын құратын әлеуметтік инфрақұрылымның 26 нысанын салу жоспарланып отыр», - деп қосты Б.Нұрымбетов.
Онымен бірге, жалпы сомасы 520 млрд. теңгеге 34 мың жұмыс орнын құрайтын болашағы зор 16 инвестициялық жобаны іске асыру ұйғарылып отыр.