2012 жылдың бірінші жартысында алюминий өндірісі артып, болат өнімдерін шығару төмендеді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 31 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жылдың бірінші жартысында өңделмеген алюминий өндірісінің көлемі 1 пайызға артып, өткен жылмен салыстырғанда алюминий сымдарының өндірісі шамамен 1,5 есеге өсті (149,9 пайыз),
None
None

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Тазартылмаған болат өндірісі 25,8 пайызға төмендеді, әртүрлі диаметрлік құбырлар мен еденнің тігіссіз профильдері 38,8 пайызға кеміді. Ферроқорытпа 1,7 пайызға, алюминий оксиді 13,2 пайызға азайды.

Павлодар облысында металлургияның кәсіпорындағы өндіріс үлесі 38,5 пайызды, өңдеу кәсіпорынның үлесі 59,5 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар